Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТАБИҒАТ» БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай филиалында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Табиғат» бөлмесі ашылды. Жаңа бөлмеде табиғат бейнеленіп гүлдер, су бұрқағы, құстар бар, балалар бұл бөлмеде табиғат аясында жүргендей әсер алады. Балалардың дене моторикасы мен қол ұсақ моторикасын дамытуға арналған құм, әткеншек, ойын алаңы т.б құрал-жабдықтар бар. 

Осындай сауапты іске  демеушілік білдірген «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ЖетібайМұнайГаз» өндірістік мекемесінің мұнайшылары. 

Жаңа "Табиғат" бөлмесінің ашылу салтанатына Қарақия аудан әкімі Қыдырберді Беков мырза, білім бөлімінің басшысы Бекқалина Қалбибі ханым және мұнайшылар куә болды. 

"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай филиалында ерекше білімді қажет ететін 70 бала бар. Балаларға психолог, сурдопедагог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру, музыка ритмика мамандары қарастырылған. Түзету жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі. 

 "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ меңгерушісінің м.у.а Муратова К.К 

title=title=title=title=title=


2-ші сәуір "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде... ...

Наурыз мерекесі - түркі халқы үшін ұлық мейрам санатында. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген.  ...

"Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің Жетібай филиалында ерекше білімді... ...

Бүгінде біздің орталықта педагогтар сабақ кезінде ерекше білімді қажет ететін... ...

Құрметті достар, әріптестер, Сіздерді ұжымымыздың атынан шын жүректен Қазақстанның ұлттық мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!  ...

Адамзат баласының ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары екені белгілі. Аталған құндылықтарды қорғау адам құқықтары туралы ...

Ерекше балалардың мүмкіндіктерін дамыту кезек күттірмейтін маңызды жұмыс.  ...

Мекеме қызметкерлеріне арналған тренинг өтті.  ...

Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен... ...

Педагогикалық түзеу мекемемізде ... ...