Жаңалықтар

ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ...

ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ...

Адамзат баласының ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары екені белгілі. Аталған құндылықтарды қорғау адам құқықтары туралы заңнама да «тайға таңба басқандай» жазылған.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Ата - заңымыздың 4-тарауында айқын көрсетілген.

Қазіргі кезеңде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру, олармен жұмыс жасау өте өзекті мәселеге айналып отыр. Күн тәртібінен түспей келе жатырған арнайы мәселені шешуде педагогиканың орны ерекше. Кез келген қоғамда, даму көрсеткіші жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік қиындықтар кездесіп тұрады. Дамудың даңғыл жолына түскен біздің елімізде осы күнге дейін аталған мәселелер көбеймесе, азайған емес. Күрмеулі себептердің салдарынан, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар саны, күннен-күнге көбейіп бара жатырғаны бізді алаңдатып отыр.

Бүгінде еліміздің әр аймағында аталған олқылықтарды реттеп, баланы қалыпты өмірге бейімдеу мақсатында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің пайда болғаны көңілге демеу. Солардың бірі Құрық ауылында орналасқан «Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»

2016 жылы іргетасы қаланып, содан бері жұмысын үзбеген орталық, баланы қалыпты өмірге дайындауда өнімді жұмыстар жасап келеді. Орталықта 135 бала тәлім алып, оларға 6 психолог, 3 әлеуметтік педагог, 3 дефектолог, 4 логопед, 1 логоритмика, 2 нұсқаушы қазіргі күнге дейін үзбей жұмыстануда.

Мамандарымыз балаларға әрдайым қолдау білдіріп, тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

Орталықтағы мамандарымыздың пікірінше, «әлеуметтік бейімдеудегі балаларды тәрбиелеуде кемшіліктерді жеңу үшін, ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру қажет. Оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделу нәтижелі болады» - дейді.

Түйіндей келе, баланы қалыпты ортаға бейімдеп, сапалы білім беруде орталық жұмысының артар сенімі де, жүгі де ауыр болмақ.

Айнұр Бақтиярқызы,

«Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» әдіскері

 

title=


... ...

"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке... ...

... ...

... ...

Елімізді төрткіл дүниеге таныта білген мемлекеттік нышандарымызды... ...

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға... ...

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрт шарпымаған шаңырағы кем де кем болар. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер... ...

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін... ...

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  ...

Жас ұрпақтың жастайынан тәрбиеленудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ, тәрбиенің оңтайлы әдістерін баласының ...