Жаңалықтар

1-Маусым балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға шат күлкі мен қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді және әлемді жарқырата түседі. 

Бүгін "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде", мекемеге қарасты Жетібай филиалында 1-Маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру мақсатында өткен шарада балаларға жақсы лебіздер айтылды. 

Мереке барысында мекеме басшысы Күмісай Кедергиевна: 

-Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі, екенін айта келіп, балаларды, жиналған қонақтарды атаулы күнмен құттықтады. 

Сондай-ақ, оқу ісінің меңгерушісі Айнұр Бахтияровна мен шаруа ісінің меңгерушісі Гульмира Нұрқуатовна, адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру екенін айта келіп, бұл ерекше күннің бүлдіршіндер өмірінде маңызға ие кезеңдердің бірі деп топшылады.

Сонымен қатар аталған мейрамда "Тәттім" кафесі балаларға демеушілік көрсетті. 

title=title=


... ...

"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке... ...

... ...

... ...

Елімізді төрткіл дүниеге таныта білген мемлекеттік нышандарымызды... ...

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға... ...

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрт шарпымаған шаңырағы кем де кем болар. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер... ...

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін... ...

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  ...

Жас ұрпақтың жастайынан тәрбиеленудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ, тәрбиенің оңтайлы әдістерін баласының ...