Жаңалықтар

Армысың, әз - Наурыз

Наурыз мерекесі - түркі халқы үшін ұлық мейрам санатында. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген.

Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған екені мәлім. Себебі, атаулы айда Күн мен түн теңеліп, төрт түлік мал төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетіні анық.

Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адамды кездестірмеу жоқтың қасы. 

Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алатын болған.

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің  қарсаңында "Қарақия аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ ұжымы ақ дастархан жайып, мекеме қызметкерлері 2 топқа бөлініп "Қыз ұзату" мен "Беташар" салт-дәстүрінің көрінісін қойып, ақ батасымен шаңыраққа құт-береке болуын тілеп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Көрініс барысында қазақтың салт-дәстүріндегі сыңсу айту, сырға салу, қалың мал беру, той шашу, дәм беру, күйеу жігітті көрістіру, беташар, сабау дайындау, тері төсеу, орамал тағу, шымылдық ұстау т.б кәделері түсіндіріліп, наурыз көже дайындалып, ақ дастарханда көпшілік бір-біріне жақсы тілек білдіріп, көңілді тарқасты.  

title=title=title=


... ...

"Қайырымдылық десе құр қарап өтпейтін" ел ағалары балалар арасында мейрам құрметіне ұйымдастырылған "Мен бақытты баламын" атты думанды кешке... ...

... ...

... ...

Елімізді төрткіл дүниеге таныта білген мемлекеттік нышандарымызды... ...

Балаларды қорғау күні әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартады. Аталған мейрам балаларға... ...

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрт шарпымаған шаңырағы кем де кем болар. Бүгінде өсіп-өніп жатқан біздер... ...

Білім беру үрдісін саралап дамытып, елдің экономикалық әлеуетін арттырып жағдайын көтеру үшін... ...

Қоғам үшін адамның өмірі, жеке басының пікірлері, ұстанымы қашан да құнды болмақ. Сол секілді әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың  ...

Жас ұрпақтың жастайынан тәрбиеленудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ, тәрбиенің оңтайлы әдістерін баласының ...